1 сәуірге арналған ауа райы болжамы

«Қазгидромет» синоптиктері Қазақстандағы 1 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тек республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында жаңбыр мен қар жауады. Боран, көктайғақ болуы мүмкін. Жалпы Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.«Қазгидромет» РМК

Синоптиктердің болжауынша, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ болып, қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында желдің күші секундына 15-20 метр күшейеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады. Солтүстікте, шығыста жел екпіні секундына 15-20 метр күшейеді.

Түнде және таңертең облыстың оңтүстігін, солтүстік-шығысын және Жамбыл облысының таулы аймақтарын тұман басады. Түнде солтүстік-шығыста және таулы аймақтарда желдің күші секундына 15-20 метр күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман болады. Күндіз батыста, облыстың солтүстігінде жел күші секундына 15-20 метр күшейеді.

Алматы облысының Алакөл көлдері аймағында жел күші секундына 15-20-25 метр күшейеді.

Түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, батысында жел күші секундына 15-20 метр күшейеді.

Атырау облысының солтүстігінде, түнде және таңертең Маңғыстау, Павлодар облыстарының оңтүстігінде, түнде Шығыс Қазақстан облысының шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде тұман түседі.

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, оның күші секундына 2-7 метр болады. Ауа температурасы түнде -1...-3°С, күндіз +4...+6°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Жел екпіні секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде +5...+7°С, күндіз +19...+21°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде +2...+4°С, күндіз +19...+21°С.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: