42 жастағы Петропавл тұрғыны алғаш рет жеке куәлікке ие болды

Сурет: Zakon.kz
Петропавлда тергеу изоляторында жатқан 42 жастағы ер адам бірінші рет жеке куәлігін алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жаңа құжатты алу қызметінің қол жетімділігіне қарамастан, ЕС-164/1 мекемесіне жеке басын куәландыратын құжаттары бүлінген, мерзімі өткен немесе жоғалтып алған азаматтар жиі жүгінеді.

Мәселен, жақында 42 жастағы Қазақстан Республикасы азаматының бірде-бір рет жеке куәлігін алмағаны анықталды.

Петропавл қалалық ПБ көші-қон қызметі бөлімінің бастығына мекеменің арнайы есепке алу бөлімімен аталған азаматты құжаттандыру туралы өтініш берілді. Тергеу-қамауға алынған ер адамнан 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспортының жоғалуына байланысты құжаттандыру ниеті туралы өтініш және жеке куәлік алу үшін мекеменің заң кеңесшісінің атына сенімхат алынды. СҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Нәтижесінде ол Қазақстан азаматының алғашқы жеке куәлігіне ие болды.

Петропавл
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты