Желідегі 3 мың теңгелік садақа туралы иман сөзіне ҚМБД пікір білдірді

Ораза ұстай алмайтын адам күніне 3000 теңге төлеуі тиіс. Әлеуметтік желіде шымкенттік имам Нұрсұлтан Мамедалиевтің осы сипаттағы фидья садақасына қатысты айтқан ойы жұртты дауластырып қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Садақаның бұл түрі жұрттың барлығына бірдей ұнаған жоқ. Десе де мүфтият өзі шығарған пәтуаға күдік тудырғандарға қатысты бірден жауап берді. Фидья - созылмалы ауруы бар және ораза ұстауға мүмкіндігі жоқ егде тартқан қарт адамдарға қатысты садақа дейді олар. Бұл арада ең кемі 3000 теңге, ал одан көп сомаға тамақ алып беріп жатса, өз еркі. Ал биыл 3000 теңге деп белгіленуі - әр өңірдегі таңғы және кешкі тамақтың орташа мөлшерін есептеуден шыққан баға . Оған қоса фидьяны тек мешітке беру қажет деп жүргендірдің пікірі жансақ екенін айтады. Сондықтан көпшілікті мәселенің байыбына бармай байбаламға салмауға шақырады, делінеді КТК телеарнасының сюжетінде.

Ораза ұстауға кімнің шамасы жетпейтін болса, ол бір міскінді, яғни бір жағдайы жоқ адамды таңертең, кешке тамақтандырады деген. Фидья садақасын болсын, пітір садақасын болсын, ол мешітке беру міндетті емес. Қаласа, жағдайы жоқ адамға, негізі, жағдайы жоқ адамдарға беріледі. Сондықтан да жағдайы жоқ адамдарға, бала-шағасы көп, тұрмысы төмен адамдарға апарып беруіне болады. ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: