Чехия елге келушілерге қатысты барлық ковидтік шектеу шараларының күшін жойды

Сурет: pixabay
9 сәуірден бастап Чехия билігі елге келетін шетелдіктерден талап етілетін коронавирусқа байланысты барлық шектеу шараларының күшін жойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Чехия СІМ сайтындағы мәліметке сүйенсек, туристерге енді вакцина алғаны немесе коронавируспен ауырып кеткені туралы анықтаманың, не болмаса сапарға шығудың дәлелді себебін растау сынды процедуралардың қажеті жоқ.

Ведомствоның мәліметінше, мұндай шешім Чехия мен басқа елдердегі эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына байланысты қабылданды.

9 сәуірден бастап Чех Республикасы мен әлемде SARS-CoV-2 вирусының таралуының қазіргі жағдайын ескере отырып, барлық қорғаныс мақсатындағы шаралар жойылды, өйткені Еуропаның басқа елдері де осыған көшіп жатыр. Чехия Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Ондржей Якоб

Наурыз айының ортасында министрлік ЕО елдеріне және басқа Еуропа елдеріне келушілерге қатысты шектеулерді алып тастады.

Еуроодақ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін