Лентаның жазуынша, реалити-шоулардың танымал болуы, оларға тәуелді болу адамның шынайы өмірдегі жағдайға ұқсас оқиғаларды көргенде алатын эмоционалды реакциясына байланысты. Сондықтан психолог мұндай шоуды өзін-өзі тану құралы ретінде пайдалануға кеңес берді.
Психолог реалити-шоуды үнемі көру адамның ойына, мінез-құлқы мен құндылықтарына әсер ететініне сенеді. Оның айтуынша, адам санасы шындықты түсінуді қалыптастыратын көп ақпаратты өңдейді. Адамдармен қарым-қатынас, кітап оқу, ойын-сауық және тағы басқа түріндегі кішігірім үзінділер адамдардың ойы мен іс-әрекетін қалыптастырады.
Психолог Тейхоу Смит реалити-шоулардың тәуелділікке апаратынын, адамды кейіпкерлердің шешімі мен әрекеті туралы білу үшін эпизодтарды қайта-қайта көруге мәжбүр ететінін де айтып отыр. Оның сөзінше, реалити-шоудағы оқиғалар адамға сондай таныс болса, ол соншалықты шоуға тәуелділікті де тудырады. Адам әдетте өзі сезінген сезімдерді сырттан көргенде оны жақсы түсінеді.
Реалити-шоудағы оқиғалар, шытырман жағдайлар бізге ұнайды. Өйткені адамдар арасындағы ең қарапайым сезімдерді, махаббат, ақша немесе атақ үшін шайқастарды, драмалық оқиғаларды жақсы түсінеміз әрі білеміз. Психолог
Сарапшы адам өзінің тартымды және жиіркенішті мінезін түсінуі үшін шоудағы сүйікті кейіпкерлерге мұқият қарауды ұсынады.