Қазақстандық зейнеткерлер зейнетақысының жартысын тамаққа жұмсайды

Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда зейнеткерлер зейнетақысының жартысына жуығын тамаққа жұмсайды. Бұл шамамен жалпы зейнетақының 47,2 пайызына тең. Көрсеткіш бойынша азық-түлік бағасы мен зейнетақының арақатынасы бойынша 44 елдің рейтингінде Қазақстан небәрі 37-орынға тұрақтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Finprom.kz зерттеуі бойынша Қазақстанның көрсеткіші ТМД елдері арасында ең жақсы көрсеткіш болып табылады.

Қазақстандық зейнеткерлер жалпы зейнетақысының 47,2 пайызын тамаққа жұмсайды. Бұл рейтингке қатысқан ТМД елдерінің ішінде Қазақстан Республикасының көрсеткіші ең жақсы болып шықты, делінген хабарламада.

Мысалы, Ресейде зейнеткерлер бүкіл зейнетақысының 58,9%-ын азық-түлікке жұмсайды, Молдовада – 59,2%, Беларусьте – 76,7%.

Зерттеу нәтижелері бойынша ең жақсы елдер қатарында Норвегия (мұнда зейнетақының тек 13,4%-ы азық-түлікке жұмсалады), Австрия (13,7%) және Франция (14,3%) болып табылады.

Атап өтілгендей, рейтингке қатысушы елдердің ішінде ең көп зейнетақы мөлшері Норвегияда – 2017 доллар. Үздік үштікке Швейцария (1913 доллар) мен АҚШ (1663 доллар) да енді.

Қазақстан ТМД елдері арасында ең жоғары көрсеткішке ие – дегенмен ол небәрі 220 долларды құрайды. Ресейде зейнеткерлерге орташа есеппен 203 доллар, Беларусьте - 183 доллар, Молдовада - 143 доллар, Украинада - 123 доллар төленеді.

Бұған дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшері 2022 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша 105 344 теңгеге жеткенін жариялаған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты