Қазақстанда тіркелген көліктер саны азайды

Сурет: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында Қазақстанда 143 мың автокөлік тіркелген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл 6,7 пайызға аз. Мәселен, 2022 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында тіркелген автокөліктердің жалпы саны 3 миллион 826 мың. Ұлттық статистика бюросы

Қазіргі уақытта елімізде 10 жылдан асқан 92 810 автокөлік, 7 жылдан 10 жылға дейінгі 23 072 автокөлік болса, үш жылдан аспайтын көлік саны – 19 555. Олардың 85,8 пайызы жанармай ретінде бензин пайдаланады.

Екі айда 1801 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2693 адам зардап шекті. Өткен жылмен салыстырғанда жазатайым оқиға 1,9 пайызға артқан.

1 наурыздағы жағдай бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 6,6 млрд теңгеге 13 431 сақтандыру төлемін өтеді.

Қазақстан
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз