Ресей Байқоңырдағы пайдаланылмаған мүлікті Қазақстанға қайтарады

Сурет: Космодромның баспасөз қызметі
2022 жылдың 20 сәуірінде Ресей Федерациясы Үкіметінің басшысы Михаил Мишустин мұндай мүлікті тегін беру туралы бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Роскосмос» ғарыш қызметі мемлекеттік корпорациясының ұсынысқа сәйкес тізбе бойынша федералдық меншіктен Қазақстан Республикасының мемлекеттік меншігіне жылжымалы мүлікті өтеусіз беру туралы ұсынысы қабылдансын», – делінген құжатта.

«Экран-М» спутнигі және оған арналған керек-жарақтар, сондай-ақ керек-жарақтары мен құрылғылары бар жинақтау және қорғаныс блогы беріледі.

«Экран-М» спутнигі 1990 жылдары құрастырылған, бірақ ешқашан орбитаға шығарылған жоқ.

Берілген мүліктің құны 1 рубльге бағаланды.

Құжат құқықтық ақпарат интернет-порталында жарияланды.

Бұған дейін ресейлік БАҚ Ресей Федерациясының Байқоңырдағы 16 нысанды жалға беруден бас тартуға ниетті екенін хабарлаған болатын.

Қазақстан
Ресей

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі