Әкім өзінің Instagram-дағы парақшасында ауыл тұрғындарымен кездесуі туралы хабарлады.
Кездесу «Асқар-тау» мейрамханасының үлкен залында өтті. Онда Жақсылық Омар тұрғындарға бұл ғимарат жаңа мақсатта қолданылатынын айтып берді.
Ғимарат иесі әкімдікпен келісім бойынша нысанды биыл жыл соңына дейін тегін пайдалануға берді. Сонымен қатар оны жөндеуге көмектесуге уәде берді. Келер жылдан бастап қала әкімдігі кейіннен сатып алу арқылы кәсіпкермен жалға беру шартын жасады жоспарлап отыр.
Енді мұнда кальян және VIP кабиналардың орнына жастарға арналған спорт залы, шығармашылық және танымдық секциялар, ауданның қарт тұрғындарының демалыс клубы жұмыс істейді.
Айта кетейік, әкім қаладағы осындай әлеуметтік орталықтарға үнемі назар аударып келеді. Былтыр оның бастамасымен дене шынықтыру-сауықтыру кешенін, жас техниктер стансасын қайта жөндеу жүргізілсе, биыл Ульба әлеуметтік бейімдеу орталығын ерекше балалармен белсенді жұмыс істеу үшін қайта жабдықтау жоспарланып отыр.