ҚР Қорғаныс министрлігінің Telegram-каналында пікір жазылған видео пайда болды.
Сәуірдің 22-сі күні Гвардейский қалалық үлгідегі кентінің әскери госпиталінде әскерге жаңадан шақырылған сарбаз Әлібек Қалбай қайтыс болды. Сарбаз жасақтау кезінде есінен танып қалған. Алғашқы көмек көрсетілгенімен сарбазды өмірге қайтару мүмкін болмады. ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары – Тәрбие және идеологиялық жұмыс басқармасының бастығы Серік Бурамбаев
Бурамбаев Әлібек Қалбайдың отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
Қатардағы Қалбайдың өлімінің мән-жайын жұртшылық әрине білуі керек. Қылмыстық іс аясында арнайы құрылған тергеу тобы болған оқиғаның барлық нұсқасын қарастыруда. Қажетті сараптамалар алынды. Серік Бурамбаев
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары атап өткендей, құқық қорғау органдарының ресми қорытындысына сәйкес оқиға орнын қарау кезінде, сондай-ақ сот-медициналық сараптаманы жүргізу кезінде өмірге қауіп төндіретін жарақаттар мен гематомалар анықталмады.
Терідегі қазіргі өзгерістер сот-медициналық сараптама мен өлгеннен кейінгі биологиялық процестермен байланысты. Маған сеніңіз, біз өзіміз де объективті тергеуге мүдделіміз, өйткені барлық деңгейдегі қолбасшылар қарамағындағы әскери қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін ата-аналар мен жалпы мемлекет алдында тек құқықтық ғана емес, моральдық жауапкершілікте болады, деп сендірді Серік Бурамбаев.
Сондай-ақ, ол «Қорғаныс министрлігінің басшылығы ештеңені жасырмайтынын» баса айтты.
Оқиғадан кейін сарбаздың ата-анасы мен туған-туыстары дереу әскери бөлімге келіп, тұрмыс жағдайымен танысып, ұлы қызмет еткен бөлімшедегі жағдайды өз көздерімен көрді. Серік Бурамбаев