Ертіс өңірінде құндыздар көбейіп келеді

Көктөбе орманшылары кеміргіштер отрядына жататын аңдарды Май ауданында патрульдеу кезінде көрген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жалпы бізде құндыздардың саны көп. Әсіресе соңғы кездері артып келе жатқаны байқалады. Жайылма төгіле бастағанда олар бірден жүзіп кетеді. Тіпті, 12-17 құндыз отбасымен жүреді, бірақ жақындаған кезде бірден су астында немесе жағадағы ініне жасырынады. Сондықтан телефонға түсіру өте қиын, - дейді Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің басшысы Аждар Жүсіпов.

Оның айтуынша, әрбір орманшы «Жайылымда жабайы аңдардың тізімі» журналын жүргізеді. Соған сәйкес аңдардың санын тіркеп отырады, деп жазады Рavlodarnews.kz.

Айта кетерлігі, құндыз - ақылды жануар. Олар суды бөгеп, тоғандар жасап, өздеріне жылы үй салады. Тіршілігінің көбі суда өтетіндіктен дене пішіні соған бейімделген. Негізгі қаруы - төрт күрек тістері. Сол арқылы қоректік ағашты кеміріп құлатып, бөлшектеп тасиды.

Павлодар
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: