27 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Сурет: pixabay
Синоптиктер 27 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, ашық болады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Республиканың солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, Жамбыл облысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, Қазақстанның оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады, оңтүстік облыстарда найзағай ойнап, дауыл соғады. «Қазгидромет» РМК

Түркістан облысының таулы, тау бөктеріндегі аймақтарында синоптиктердің болжауынша, найзағай ойнап, бұрқасын болады, жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, таулы аймақтарда күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін, таулы аймақтарда жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында, оңтүстікте, Маңғыстау облысының орталығында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейіп, шаңды дауыл соғады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде, Қостанай облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында, Атырау облысының орталығында, Алматы облысының шығысында жел 15-22 м/с-ке дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, Ақтөбе, Павлодар облыстарының орталығында өрт қаупі бар.

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +3...+5°С, күндіз +20...+22°С болады.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, жел соғады. Ауа температурасы түнде +8...+10°С, күндіз +17...+19°С болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +11...+13°С, күндіз +24...+26°С болады.

Алматы
Нұр-Сұлтан
Орал
Қостанай
Тараз
Қызылорда
Қазақстан
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды