Еліміздің бес өңіріне қатысты дауылды ескерту жарияланды

Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстанда 4-6 мамыр аралығында таулы өңірлерде қатты нөсер жауатынын, найзағай ойнайтынын әрі дауыл тұратынын ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Синоптиктер Алматы облысының таулы аудандарында және Алматының іргелес аумақтарында өзендердегі су деңгейінің көтерілуін, ой-шұңқырлы жерлерге судың көптеп жиналуын болжайды.

Қарағанды облысының шығысында, орталығында найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының шығысында күн күркіреп, дауыл тұрады. Қызылордада найзағай ойнайды.

Таразда найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

5 мамырда Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады. 4-6 мамырда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай жарқылдап, бұршақ түседі, дауыл болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің таулы аудандардағы екпіні 15-20 м/с құрайды, 4 мамырда жел күшейіп, екпіні 25 м/с жетеді. "Қазгидромет" РМК
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады