Асанәлі Әшімов «хит» болған нөміріне қатысты пікір білдірді

Сурет: Іnstagram/auezovtheatre
Бұған дейін атақты актер Асанәлі Әшімовтің көлігінің нөмірі түсірілген видео әлеуметтік желіні шулатты. Актер мемлекеттік нөмірдің орнына өз есімі жазылған нөмір тағып алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы оқиғаға байланысты Асанәлі Әшімов пікір білдірді деп жазды turkystan.kz.

«Құрметті әлеумет, мен жаңа ғана жолдан келдім. Менің көлік нөмірім әлеуметтік желіде шу болып жатыр… Менімен бірге екі кино түсірілім тобы жүр, сол кино үшін уақытша ғана тағылған. Оны ылғи тағып жүрмеймін, білемін ғой. Тәртіп бұзбасақ, бір мезгіл жарты күнге тағуға болады ғой. Жолда және көшеде түсірді. Бұл менің деректі фильміме шығатын нәрсе», деп түсіндірді Асанәлі Әшімов Qazaqstan арнасының «1001 түн» бағдарламасы кезінде.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды