Алматыда жаңа өндірістік парктер салынады

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгінде Алматыда шағын өнеркәсіптік парктер дамып жатыр. Бүгінде 8 өнеркәсіптік парк жұмыс істейді. Оған 4 млрд теңге инвестиция салынды және олардың базасында 670-тен астам жұмыс орны құрылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, қаланың Индустриялық аймағында тағы 12 жаңа өнеркәсіптік парктің құрылысы жүргізіліп жатыр. Онда 2100-ден астам жұмыс орны ашылады. Инвестиция сомасы 8,6 млрд теңге болады.

Бизнесті қолдау және дамыту мақсатында Qoldaý кәсіпкерлік орталығы жұмыс істейді. Мұнда «бір терезе» қағидаты бойынша кәсіпкерлерге кеңес алуға болады.

Жыл басынан бері орталық мамандары 500 бизнес-жоспар/жобаны әзірлеуге, 475 млн.теңге сомасына 17 жобаны сүйемелдеуге және 219 рұқсат құжаттарын алуға көмектесті. Оқытудан 2589 тыңдаушы өтті.

Өнеркәсіптік парктерде тамақ, жеңіл, жиһаз және құрылыс өнеркәсібі салаларында 53 кәсіпорын жұмыс істейді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды