Тарақан қаптап кетті: Павлодарда салақ тұрғынды полиция тәртіпке салды

Сурет: pixabay
Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Василий Склярдың атына Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі үйдің тұрғындарынан Алғыс хат келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылдан бастап үй тұрғындары өз үйін қоқысқа айналдырған пәтер иесімен мәселені шеше алмаған деп жазады Рavlodarnews.kz.

Бұл подъезде тазалық болмағандықтан, тарақандар пайда бола бастады. Орталық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары - полиция капитаны Бауыржан Досымжанов пен полиция лейтенанты Бауыржан Уәлихазинов осы пәтердің тұрғынымен әңгімелесіп, мәселені шешуге көмектесті, - деп жазады үй тұрғындары.

Учаскелік полиция инспекторларының араласуымен пәтерден барлық қоқыс шығарылған.

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі