ШҚО-да тікұшақтың көмегімен қураған ағаштар өрті сөндірілді

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті
10 мамырда Шығыс Қазақстан облысының Ермаковка ауылында өрт сөндірушілер құрғақ шөп өртін сөндірді. Өрт құрғақ шөптер мен бұталарды шарпыған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жалынды сөндіруге Шығыс Қазақстан облысының 54 өрт сөндіру бөлімшесі мен сегіз техника, жергілікті атқарушы органдардың сегіз қызметкері мен екі техника, 20 орманшы және ТЖК-нің төрт бірлігі жұмылдырылды. Сонымен қатар «Қазавиапас» АҚ-ның МИ-8 тікұшағы тартылып, оның көмегімен 33 тонна су құйылды.

Сағат 20:50-де өрт 70 гектар аумақта оқшауланды. Өрттің алдын ала себебі – отқа мұқият қарамау.

Өңірдегі өрт сөндіру бөлімшелері тәулігіне шөп өртіне 20-30 рейс жасайды. Негізгі пайызы ашық алаңда, саяжайлар мен тұрғын үй секторында тіркелген. Оған себеп – азаматтардың отқа абайсыз қарауы.Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Өңірде өрттің алдын алу үшін мобильді топтар құрылды. Олардың құрамына құтқарушылар, жергілікті атқарушы органдар, полицейлер кіреді. Қазір «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 336-бабы бойынша өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамағаны үшін 18 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның сегізі ескерту түрінде, 10-ы 306 300 теңге мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өрт қауіпсіздігі ережесі:

Бағбандарға арналған ұсыныстар:

Ауыл шаруашылығы алқаптарындағы құрғақ шөпті өз бетімен күйдіргені, бақылаусыз өртегені, сүрінді өртегені және орман және дала аумақтарында өрт қауіпсіздігі ережесін сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 336, 367, 410-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты