Тоқаев: "Балқаш" АЭС-інің құрылысын келесі жылы бастаған жөн деп санаймын
Фото: pixabay
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдауында энергетикалық нысандар құрылысына қатысты бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Соның ішінде Президент атом энергетикасын дамыту айрықша маңызды екенін атап өтті.
"Мен келесі жылдың өзінде "Балқаш" АЭС-інің құрылысын бастауды мүмкін әрі қажет деп санаймын. Сондай-ақ "Мойынқұм" АЭС-інің құрылысын мүмкіндігінше тезірек бастау мақсатында кешенді ынтымақтастық туралы келісімге қол қою керек", – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, келіссөздердегі барлық ұстаным мұқият пысықталып, Қазақстанның ұлттық мүдделері ескеріле отырып келісілуге тиіс.
Бұған дейін Тоқаев Қазақстанда электр энергиясын өндіру көлемін арттыру қажеттігін мәлімдеген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript