Нұр-Сұлтанда өтетін велошеру 28 мамырға ауыстырылды

Сурет: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Елордада балалар жылы мен жаңа веломаусымның басталуына орай жаппай велошеру өткізу жоспарланып отыр. 21 мамырда өтуі тиіс іс-шара 28 мамырда өтетін болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы елордалық дене шынықтыру және спорт басқармасы ескертті.

Осыған дейін хабарланғандай, жаппай велошеру 21 мамырда өтуі тиіс болатын. Алайда ауа райының қолайсыздығына байланысты 28 мамырға ауыстырылды.

Іс-шара «Астана орманы» жасыл белдеуінің веложолында өтеді. Қатысушылар 3 шақырым қашықтықты жүріп өтеді. Тіркеу сағат 09.00-де басталады, ал жарыстың басталатын уақыты – сағат 10.00. Ұйымдастырушылар велошеру спорт жарысы емес екенін айрықша атап өтті. Нұр-Сұлтан қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы

Сол сияқты қатысушылар арасында лотерея ұйымдастырылып, бағалы сыйлықтар ойнатылады.

Балалар жылы мен веломаусымның ашылуына орай ұйымдастырылған жаппай велошеру Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді.

Қаланың тұрғындары мен қонақтарын жаппай веложарысқа белсенді қатысу ұсынылды.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады

“Оқуға түсіремін”: Астанада 8 млн теңгені алаяқтықпен иемденген күдікті ұсталды