Батыс Қазақстанда «Бөкей ордасы» мемлекеттік резерваты мен «Ащыөзек» табиғи қаумалы құрылды. Вице-министр аудандарға барып, «киіктерден зардап шегіп отырмыз» деп шағымданған шаруалармен кездесті. Резерват осы мәселені шешуге ықпал етеді деп ашылды. Табиғи аумақтың жалпы ауданы - 650 мың гектар. Онда 78 адам жұмыс істейді.
Ал Қазақстанда киік саны 1 млн 300 мыңға жетті. Орал популяциясында 800 мың бас бөкен бар. Бұл туралы Қазақстан телеарнасы хабарлады.
Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Әлия Шалабекованың айтуынша, ерекше қорғалатын табиғи аумақ 1 шілдеден бастап нақты іске кіріседі. Оған республикалық бюджеттен 300 млн теңге қаржы бөлінеді.
Басты мақсат – киікті қорғау, оның көші-қонын қадағалау. Аумақта шамамен 250 мыңдай киік болады. Резерватта аңшылық жасауға тыйым салынады. Ал ол жерден тыс аумақта киікті аулаумен басқа бір мекеме шұғылданады. Ол жағын әлі ойластырып жатырмыз.Әлия Шалабекова