Жеңілдетілген автонесие: өтінім қабылдау тоқтатылғаны рас па

Әлеуметтік желілерде банктер жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша өтініштерді қабылдауды тоқтатқаны туралы ақпарат тарай бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы операторының – «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, «жеңілдетілген автонесиелерді қаржыландыру шеңберінде Қор екінші деңгейлі банктерге лимиттермен 100 млрд теңге бөлуді қарастырады».

Қор дерегі бойынша, жеңілдігі бар автонесие бағдарламасы іске асырыла бастағаннан бері қатысушы банктер жалпы сомасы 71 млрд теңгеге 9 575 өтінімді мақұлдады, оның ішінде:

Осылайша, «Еуразиялық банк» АҚ өтінімдерді мақұлдау арқылы бірінші траншты толығымен игеріп, 20 млрд теңге сомасында екінші траншты алу сатысында тұр. «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ға келсек, азаматтардың автонесие алуға өтініштерінің нақты мақұлдануын ескере отырып, лимитті 7,5 млрд теңгеге арттыру мәселесі қарастырылуда.

Қор өкілдері «бөлінген лимиттер шеңберінде «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Forte Bank» АҚ автонесие алуға өтінімдерді қабылдауды жалғастырып жатқанын» атап өтті.

Келесі аптада Қор лимиттердің қалған сомаларын «Еуразиялық банк» АҚ және «Қазақстан Халық банкі» АҚ-ға аударуды жоспарлап отыр, олар осы лимиттердің шеңберінде өтінімдерді қабылдауды қайта бастайды.«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ баспасөз қызметі

Қор өкілдері «бағдарлама бойынша несиелендіру револьверлік сипатқа ие екенін, яғни несие бойынша қайтарылған қаражат есебінен банктер автонесие алуға қосымша өтінімдерді қарайтынын еске салды».

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: