Алматы облысындағы Еркін ауылының тұрғындары жарамсыз ауызсуды тұтынуға мәжбүр

Сурет: pixabay
Еркін ауылында краннан ағып тұрған сумен бірге құрт та түседі. Жергілікті тұрғындар бұл мәселе сумен жабдықтаудың жаңа желісіне қосылғаннан кейін басталғанын айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы облысындағы Еркін ауылының тұрғындары құрты бар су ішіп жүр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Судың сапасы бір жыл бұрын нашарлаған. Ол кезде жергілікті шенеуніктер артезиан ұңғымасынан бас тартып, үйлерді басқа нысанға қосқан. Содан бері судың түсі де иісі де бүлінген. Адамдар өз денсаулықтары үшін қорқады.

Өткен жылы ауыл тұрғындары шенеуніктерден бұрынғы су желісін қалдыруды сұрады. Бірақ әкімдікте оны жарамсыз деп шешіп, үйлерді жаңа су құбырына жалғады.

Еркін ауылы тұрғындарының айтуынша, жаңа резервуардың жанында үнемі мал жайылып жүреді.

Бұл жағдайға қатысты жергілікті әкімдік түсінік берді. Қайнар ауылдық округі әкімінің орынбасары Нұрбол Есенбаев атап өткендей, жаңа су желісіндегі су тексеріліп, пайдалануға жарамды екендігі нақтыланған.

Жаңа құбыр 700-ден астам үйді сумен қамтамасыз етеді. Су сараптамаға алынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған