Қазақстанның 12 өңірінде Конституцияға өзгерістер енгізуге дауыс беру аяқталды

Қазақстан, Қазақстандағы референдум, референдум Сурет: Zakon.kz
Референдум бойынша Орталық комиссияның хатшысы Мұхтар Ерман ведомствода өткен брифингте Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша референдумға сайлаушылардың 67,65 пайыздан, яғни 7,9 миллионнан астамы қатысқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Референдумның орталық комиссиясына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссияларынан ұсынылған мәліметтерге сәйкес, 20:00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген жалпы азаматтардың 67,65 пайызы немесе 7,9 миллионнан астамы дауыс берді. Еліміздің 12 облысы мен 12 шетелдік сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды. Орталық референдум комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман

Өңірлер бойынша сағат 20:00-дегі сайлаушылардың қатысу көрсеткіші мынандай:

Ақмола облысы – 73,81%;

Ақтөбе облысы – 55,9%;

Алматы облысы – 72,83%;

Атырау облысы – 62,45%;

Батыс Қазақстан облысы – 65,49%;

Жамбыл облысы – 69,59%;

Қарағанды ​​облысы – 77,39%;

Қостанай облысы – 72,28%;

Қызылорда облысы – 75,02%;

Маңғыстау облысы – 59,14%;

Павлодар облысы – 75,53%;

Солтүстік Қазақстан облысы – 75,49%;

Түркістан облысы – 80,66%;

Шығыс Қазақстан облысы – 77,49%;

Нұр-Сұлтан – 57,06%;

Алматы қаласы – 32,25%;

Шымкент – 72,53%.

Қазақстан
Қазақстандағы референдум

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Ассамблеяның басты міндеттерін атады

Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадтың өтетін күні белгілі болды

Тоқаев: Араздыққа алып келетін барлық арандатушылықтың жолын кесу қажет

Қостанайда ер адам көліктің ішінде өртеніп кетті

Қытай айда АЭС салуды жоспарлап отыр