"Қазгидромет" РМК Алматы облысында күндіз найзағай жарқылдап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жердің найзағай ойнаған кездегі екпіні 15-20 м/с құрайды.
Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысы мен солтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қарағанды облысының батысы мен шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде және Жезқазғанда +35°С қатты ыстық болады деп күтіледі.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің екпіні облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с құрайды.
Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, күндіз солтүстік-шығысында найзағай жарқылдап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Қостанай облысының батысында, солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, +35°С дейін қатты ыстық болады.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде +42°С дейін қатты ыстық болады деп күтіледі.
Күндіз Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде найзағай ойнайды, шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Күндіз батыста, солтүстікте, оңтүстікте секундына 15-20 метр жылдамдықпен солтүстік-батыстан жел соғады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл тұрады деп күтіледі.