Ақтауда шетелдік әйелден 40 келіге жуық апиын есірткісі тәркіленді

Сурет: polisia.kz
1 маусымда Маңғыстау облысы ПД Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Ақтау қаласындағы пәтерлердің бірін тінту барысында жалпы салмағы 39 келіні құрайтын апиын есірткі заты табылып, тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Күдікті ретінде Иран Республикасының тумасы анықталып, ұсталды. Ақтау қаласының тергеу соты күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша СДТБТ-де тіркелді.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды