Ақтөбелікті қорқытып, млн теңгесін иемденіп алған күдікті қолға түсті

Сурет: Zakon.kz
4 маусым күні полиция бөліміне 32 жастағы жергілікті тұрғын бопсалау дерегі бойынша арызданды, деп хабарлайды Zakon.kz

Ер адамның айтуынша, бейтаныс жігіт күш көрсету арқылы оны қорқытып, бір млн теңге көлемінде ақшасын иемденген. Бірақ қаскүнем бұнымен тоқтамай, тағы да 1,5 млн ақша талап еткен.

Полиция қызметкерлері арнайы жасақ сарбаздарымен жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 450 мың теңгені беру кезінде бұрын сотталған 32 жастағы күдіктіні ұстады.

ҚР ҚК-нің 194-бабы (Қорқытып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қамауға алу бұлтарпау шарасы қолданылды.

Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі