Павлодарда әйел зорлаған күдікті ұсталды

Сурет: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі
Ол туралы тәртіп сақшыларына жәбірленушінің өзі мәлімдеген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Павлодардағы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлімдеді.

102 нөміріне И. есімді әйел хабарласып, Ж есімді азамат оны үйінде еркінен тыс зорлағанын айтып, арызданған. Хабарлама түсе салысымен 5512 әскери бөлімінің сақшылары бірден қылмыскерді іздестіруге кіріседі.Сағат түнгі 22.30 шамасында Нұрмағамбетов көшесі бойындағы үйлердің ауласынан жәбірленуші айтқан сипатқа сай келетін азамат ұсталды. Ол әскери жасақты көре сала бірден абдырап, сасқалақтай бастаған, - деді баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.

Сақшылар күдіктіні ұстап, бірден №4 полиция учаскесіне жеткізген. Жәбірленуші ұсталған азаматты бірден таныды. Аталған дерек бойынша күдіктіге қатысты ҚР ҚК 120 бабының 1 тармағы бойынша (зорлау) қылмыстық іс қозғалды, деп жазады Pavlodarnews.kz.

Павлодар
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі