Парламент депутаттары 2021 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есепті мақұлдады

Сурет: видеодан скриншот
ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында депутаттар 2021 жылға арналған бюджеттің атқарылуы туралы үкіметтің есебін қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы мәселе бойынша негізгі баяндаманы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жасады.

2021 жылы ЖІӨ өсімі 4 пайызды құрады. Экономиканың барлық базалық салаларында оң нәтижеге қол жеткізілді. Мәселен, өнеркәсіп өндірісінің көлемі 3,8%-ға, құрылыс индустриясы – 7,6%-ға, көлік – 3,6%-ға, сауда – 9,2%-ға өсті. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 3,5%-ға өсті. Инфляция деңгейі 8,4% құрады (мақсатты дәліз 4-6% орындалды). Жұмыссыздық деңгейі 4,9% деңгейінде сақталды. Ерұлан Жамаубаев

Спикердің айтуынша, республикалық бюджеттің негізгі параметрлері орындалды. Түсім 100,8 пайызға орындалып, 12,7 трлн теңгеге жетті. Шығындар 99,2 пайызға игеріліп, 15,2 трлн теңгені құрады. Бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімнің 3,1 пайызына жетті.

Жалпы, мемлекет әлеуметтік және басқа да міндеттемелерін толық көлемде орындады. Ерұлан Жамаубаев
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты