Көмек ретінде олар балаларды ақшалай қаражатпен қолдады. Ал балалар үйінің түлектері ҚАЖ департаменті қызметкерлеріне алғысын білдіріп жатыр. Олар балалар үйінің түлектеріне бүгінде жалғыз өмір сүру оңай емес екенін айтып отыр.
Былтыр Өскемендегі балалар үйінен шықтым. 11-сыныпты бітіріп, Университетке түсіп, осы жылы бірінші курсты аяқтадым. Спортты өте жақсы көремін. Қазір жазғы уақытта даяшы болып жұмысқа тұрдым. Жалғыз болған оңай емес. Арманым көп. Қиындықтар да аз емес. Бірақ маған әлі күнге дейін балалар ауылының қызметкерлері мен мекеме қызметкерлері көмектеседі. Бұл жолы қызметкерлер мені де ұмытпады. Олар ақшалай көмек көрсетті. Осындай адамдардың бар екеніне өте ризамын, – деді балалар үйінің түлегі.
Шығыс қазақстан облысы ОВ 156/2 колониясының бастығы балалар үйінен шыққан адамдарға алдағы уақытта да көмектесетіндерін айтты.
Қиын жағдайға тап болған балаларға жедел көмек көрсетіп, әрдайым қолдап жүретін осындай қызметкерлермен жұмыс істейтініме қуаныштымын. Біз алдағы уақытта да көмектесеміз. Өйткені олар – біздің болашағымыз. Кім біледі, бәлкім осы балалар кейін біздің атқарып жүрген жұмысымызды жалғастыратын шығар, – деді мекеме бастығы Еркін Кабин.