Астана халқының саны 24 жылда 4 есе өсті – Ұлттық статистика агенттігі

Сурет: Zakon.kz
1998 жылы ел астанасы атанған Ақмола қаласында 326 мың адам тұрған. Содан бері бас қаладағы тұрғындар саны төрт есеге жуық өсіп, 1 262 мың адамға жетті. Бұл туралы мәліметті Ұлттық статистика агенттігі жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанада 24 жыл бұрынғыдай әйелдердің саны басым. Егер сол уақытта қалада 174 мың әйел және 152 мың ер адам тұрған болса, қазір әйелдер саны – 657 мың (52%), ерлер – 605 мың (48%).

1998 жылы елордада 3 400 бала дүниеге келсе, 2021 жылы 31 мың бала туған, осылайша туу коэффициенті 11-ден 25,9-ға (мың адамға шаққанда) дейін өсті.

1998 жылы қалада 48 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істеген, 24 жылдан кейін олардың саны 147 бірлікке дейін өсті.

Ал аурухана ұйымдарының саны 15-тен 45 бірлікке дейін артты.

Қазақстан
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі