Жоғалған 9 жасар баланы Нұр-Сұлтан полициясы құрылыс алаңындағы бұталардың арасынан тапты

Сурет: unsplash
6 шілде күні сағат 00.00-де полицияға қала тұрғыны кешкі сағат 20.30-да Бабатайұлы көшесінің бойындағы үйден 9 жасар баласы велосипедпен шығып, үйіне оралмағанын айтып арызданған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Баланы өз бетімен іздеген жақындары оны таппаған, шарасыз анасы тәртіп сақшыларынан көмек сұраған.

Полицейлер дереу еріктілермен бірге баланы іздеуге кірісті: олар туыстарынан, достарынан сұрау алып, айналаны түгел тексерді.

«Елордалық полиция қызметкерлерінің жеке құрамы жоғалған баланы іздеуге жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері мен «LIDER.KZ еріктілер қозғалысы» өкілдері жүргізген іс-шаралар барысында таңертеңгі сағат 07.00-де Қарттар үйі аумағындағы құрылыс алаңының маңындағы бұталардың арасынан кәмелетке толмаған жасөспірімді тапты. Анық болғандай, бала кешкі уақытта велосипедпен Көктал-2 елді мекеніндегі концертке барып, түнде үйіне қайтар жолды таба алмай, адасып кеткен. Содан көшеде түнеуді ұйғарды», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы Қылмыстық іздестіру басқармасының іздеу бөлімінің бастығы Нұрғали Асылхан.

Қазіргі уақытта бала ата-анасына табысталды. Баланың туыстары жоғалған ұлын іздеген полицейлерге алғысын білдірді.

Қазақстан
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

16 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Еңбек кодексі: тамыз айында не өзгереді және жұмыс берушілер нені білуі керек

ЭЦҚ және жалған ЖК арқылы: Түркістан облысында бюджеттен 103 млн теңге қалай ұрланған

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді