Алматыда Құрбан айт кезінде құрбандық шалатын орындар анықталды

Сурет: pexels
Құрбандық шалуды жүзеге асыру үшін Алматы қаласының әкімдігі құрбандық малдарын союға және сатуға рұқсат етілген 13 орынды бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алатау ауданы:

«Мырзахмет» мешіті, Қарасу ықшам ауданы, Солтүстік айналма тас жолы, 15;

«Әскер ата» мешіті, Әйгерім-1 ықшам ауданы, Бенберина көшесі 18/4;

«Алғабас» мешіті, Алғабас ықшам ауданы, Ақбөпе 6 көшесі;

«Әл-Азим» мешіті, Борандай ықшам ауданы, Азат 20А көшесі.

Бостандық ауданы:

«Бақыткелді» мешіті, Хан-Тәңірі ықшам ауданы, Дулати даңғылы 27/11.

Жетісу ауданы:

Вайнах мешіті, Айтықова көшесі 1А.

Медеу ауданы:

«Аманқұл ата» мешіті, Т.Бигелдинова көшесі 5;

«Фатима» мешіті, Ш.Жәнібек көшесі 148;

«Райымбек батыр» мешіті, Думан-1 ықшам ауданы, Хан Тәңірі көшесі 1.

Наурызбай ауданы:

«Қалқаман-2» мешіті, Қалқаман-2 ықшам ауданы, Аспандиярова көшесі 84;

«Қарағайлы» мешіті, Қарағайлы ықшам ауданы, Надырова Қ көшесі 1а;

Таусамалы базары, Таусамалы ықшам ауданы, Қонаев көшесі 35 В.

Түрксіб ауданы:

«Қайрат» мешіті, Қайратықшам ауданы, Сарымолдаева көшесі 22.

Барлық құрбандық шалу орындарында, сондай-ақ қала мешіттерінде 9-11 шілде аралығында әкімдік, ветеринарлық қызмет полициясы және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдарының қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін кезекшілікте болады.

Құрбан айтты тойлау кезінде мұсылмандар қой, сиыр, ешкі немесе түйені құрбандыққа шалады. Құрбандық адамның Құдайға рухани бет бұруын білдіреді. Мерекенің форматы былтырғыдай сақталады. Құрбандық шалу рәсімін Алматыда онлайн және офлайн режимінде өткізуге болады. Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан

Имам түсіндіргендей, құрбандық шалу процесі бейнежазба режимінде өтеді, рәсімге тапсырыс бергендердің есімдері намаз кезінде айтылады. Кейін бейне тұтынушыға жіберіледі. Ол құрбандық шалу рәсімін онлайн режимде өткізудің бұл тәжірибесі мұсылман елдерінде бұрыннан енгізілгенін атап өтті.

Барлық мұқтаж азаматтар еріктілер жеткізетін құрбандық етін алу үшін арнайы сайтқа өтініш қалдыра алады.

Биыл Құрбан айт 9-11 шілде аралығында өтеді.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

Тоқаев Жетісу облысының әкіміне Қытаймен шекарадағы Достық пен Қорғастағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды