"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Найзағай, жаңбыр, ауа райы болжамы, 14 қыркүйек, Қазақстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.09.2026 15:52 Сурет: pixabay
"Қазгидромет" РМК Қазақстан аумағы бойынша 2026 жылдың 14 қыркүйегіне арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" болжамы бойынша, дүйсенбіде Қазақстанның солтүстік, солтүстік-батыс және батыс өңірлерінің шеткі аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, ал солтүстікте нөсер жаңбыр құяды деп күтіледі.

Еліміздің қалған аумағында, негізінен, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республикамыз бойынша белең алатын ортақ табиғи құбылысқа желдің күшеюі, түнде және таңертең кей жерлерде тұманның болуы жатқызылады.

Сондай-ақ еліміздің бірқатар өңірлерінде жоғары және төтенше өрт қаупі күтіледі:

  • жоғары өрт қаупі: Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, Абай және Жетісу облыстарында, Қостанай облысының оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, орталығында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысында, Алматы облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында.
  • төтенше өрт қаупі: Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе облыстарында, Ұлытау облысында, Қарағанды облысының батысында, Абай облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, Алматы облысының батысында, шығысында, орталығында, Атырау облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында.

Бұған дейін Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: