Балқаш ауданында «Қызыл кітапқа» енген бұғылар табиғатқа жіберілді

Сурет: Instagram/qazfwc
Бұқар бұғылары Іле-Балқаш қорығының қорасынан босатылды. Жануарлардың қозғалысын қадағалау үшін алты камералық қақпан орнатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Instagram желісіндегі ҚР ЭГЖТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің парақшасында Бұқар бұғысы табиғатқа шығарылғанының видеосы жарияланды.

Комитет таратқан ақпаратқа сай, Іле-Балқаш қорығы аумағына Қарашынғыл аңшылық алқабынан 61 бұғы әкелінген. Қазір олардың жалпы саны – 150 бас.

Жануарлардың қозғалысын бақылау үшін оларды шығаратын аймақта 6 видеокамера орнатылды. Сонымен қатар үш бұғыға GPS сенсорлары бар арнайы жағалар кигізілген. Құрылғылар ауыртпалықсыз бекітіледі және жануарларға зиян келтірмейді.

Айта кетейік, бұл Іле-Балқаш қорығы аумағында Бұқар бұғыларының төртінші рет шығарылуы. 2019 жылы 5 бас, 2020 жылы 15 бас, 2021 жылы 61 бас бұғы табиғатқа жіберілген.

Еске салайық, Бұқар бұғы Қазақстанның «Қызыл кітабына» және халықаралық «Қызыл кітапқа» енгізілген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды