Нұр-Сұлтан сотының жаңа басшысы тағайындалды

Сурет: Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметі
Елордалық соттың жаңа төрағасы болып Ақан Жұмағұлов тағайындалды. Ол бұған дейін Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасын басқарған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа төрағаны ұжымға Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әбдірашит Жүкенов таныстырды.

Жүкенов Жұмағұловты сот жүйесінде өзін жақсы жағынан көрсете білген, құқық қолдану тәжірибесі мен сот төрелігін жүзеге асыру сапасы мәселелеріне ерекше көңіл бөлетін жоғары білікті маман ретінде сипаттады.

Сонымен қатар, Жоғарғы Сот алқасының төрағасы аудандық соттардың төрағаларын және елорданың қалалық сотының судьяларын таныстырды.

Сонымен, Алмас Сәлімов Есіл аудандық сотының төрағасы болып, Дәуренбек Даумов Есіл ауданының No2 аудандық сотының төрағасы болып тағайындалды.

Нұр-Сұлтан қалалық сотының судьясы қызметіне Айбек Әмірғалиев, Гүлнәр Дәулешова, Анар Кәрімова тағайындалды.

Қазақстан
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды