Қазақстанда ер адамдар әйелдерге қарағанда бес есе көп суицид жасайды

Қазақстан Дүниежүзі денсаулық сақтау ұйымының рейтингі бойынша суицид деңгейі ең жоғары жиырма елдің қатарына тұрақты түрде кіреді. Елімізде жыл сайын мыңдаған адам өзіне қол жұмсайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Статистикалық мәліметтерге сай жақын арада ешқандай өзгеріс болжанбады. Кей әлеуметтік топтар үшін бұл мәселе өте өткір екенін атап өткен жөн. Мысалы, өз-өзіне қол жұмсау әлі де негізінен ерлер арасында жиірек кездеседі. Құқықтық статистика комитеті мен ДДҰ мәліметтері бойынша ерлер әйелдерге қарағанда мұндай қадамға 4-5 есе жиі барады.

Жалпы суицид феноменін және оның ішінде ерлердің өзіне-өзі қол жұмсау құбылысын зерттегенде, ең әуелі, статистикалық жүйесі дамыған елдерде де толық деп санау мүмкін емес деректердің болмауына байланысты бірқатар мәселелер туындайды. 2019 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бағалаған 183 елдің 87-ісінде ғана суицид деңгейі туралы сапалы деректер бар.

ДДҰ өз баяндамаларында 1-ден 4-ке дейінгі индекстермен берілген деректердің сапасын бағалайды. Сапа индексі 1-ге тең елде өлім себептерін анықтаудың толықтығы мен сапасы жоғары бірнеше жылдардағы деректер бар. Индекс 2 орташа сапа проблемаларын білдіреді, индекс 3 - күрделі. Индекс 4 өлімді тіркеу деректерінің қолжетімсіз немесе жарамсыз екенін білдіреді.

2019 жылғы соңғы есебінде ДДҰ Қазақстандағы деректер сапасын 2016 жылғы есептегі 2 индекске қарсы 1 индекспен бағалады. Бұл көрсеткіш шындықты қаншалықты көрсететінін айту қиын. Бағалау критерийлерінің бірі суицидтің себептерін анықтау болса, Құқықтық статистика комитетінің сол 2019 жылғы ресми мәліметтері бойынша Қазақстанда факторлардың 27%-ы ғана анықталған, – деп жазылған Ranking.kz зерттеуінде.

Қазақстандағы БАҚ пен саясаткерлердің назары негізінен жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауын талқылауға аударылады. Бұл тақырыптың маңызына қарамастан кейінгі бір жылда барлық суицидттің тек 4%-ын 18 жасқа толмағандар жасаған. Бұл үрдіс жыл сайын қайталанады.

Ересектер бірінші кезекте тәуекелге ұшырайды. Ал олардың арасында 18-75 жас және одан жоғары жастағы адамдар өз-өзіне қол жұмсау фактілерінің 76%-ын ер адамдар жасайды.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: