Каспий порттары арқылы отандық кәсіпкерлердің жүк тасымалы артты

Сурет: Zakon.kz
Каспий порттары арқылы отандық кәсіпкерлердің жүк тасымалы артты. Бұл туралы «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағының басшысы Асхат Қабашев арнайы брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір теңіздегі Ақтау, Солтүстік терминал және Құрық порттары толық қуатымен жұмыс істеп тұр. Салдарынан, өңірге темір жол және автокөлік арқылы жүк тасымалдау көлемі де ұлғайды, деп жазады qazaqstan.tv.

Экспорттаушы кәсіпкерлерге қолдау көрсетіп, жүк тасымалын үзбеу үшін, жаңа контейнер хабын салу жоспарда бар. Бұл жұмыстар «Ақтау» порты арнайы экономикалық аймаққа өткеннен кейін жүзеге асырылатын болады.

Екі жыл бұрын пандемия салдарынан порттарда жүк тасымалы көп болған жоқ. Оның үстіне бірнеше тауарға эмбарго енгізілді. Ол да жүк көлеміне теріс әсер етті. Қазір жағдай мүлде басқаша. Порттар толық жұмыс істеп тұр. Қосымша контейнер хабын салу үшін 19 гектар жер дайындап отырмыз. Асхат Қабашев, «Ақтау теңіз порты» АЭА» АҚ басқарма төрағасы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Конституциялық сот жұмысына қайта оралғысы келетіндерді қамтитын заңдағы маңызды тармақты өзгертті

Тоқаев Ұлыбритания королі ІІІ Чарльзды туған күнімен құттықтады

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

Шымбұлаққа автомобильдердің кіруіне салынған тыйым Конституцияға сай емес деп танылды

Қазақстанда тағы бір жаңа айыппұл түрі пайда болуы мүмкін