Көлікті 13,5 млрд теңгеге салық төлемей бастапқы тіркеудің 2 329 фактісі анықталды

кАлматы облысында шетелден алғашқы тіркеу үшін алым төлемей, ауыр жүк көліктерін әкелу фактілері, сондай-ақ мемлекеттік баж төлемей, жоғары сұранысқа ие мемлекеттік нөмірлік белгілерді беру жағдайлары анықталды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы облысының салық қызметкерлері Алматы облысының әкімшілік полиция басқармасын тексеру қорытындысы бойынша (2018-2021 жылдар кезеңінде) автокөлік құралдарын 13,5 млрд теңгеге алым төлемей, бастапқы тіркеудің 2 329 фактісін анықтады. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі

Ведомствоның мәлімдеуінше, үшінші елдерден әкелінетін автокөлік құралдары, атап айтқанда, шығарылған жылы 7 жылдан асатын ершікті тартқыштар бастапқы есепке қою кезінде мөлшері 2 500 АЕК (2019 жылы – 6,3 млн.теңге, 2020 жылы – 6,9 млн. теңге, 2021 жылы – 7,3 млн. теңге) болатын алым төлемегені анықталды.

Сондай-ақ, мемлекеттік бажды төлемей жоғары сұранысқа ие мемлекеттік нөмірлік белгілерді берудің 450 фактісі анықталды, салдарынан бюджетке 135,7 млн теңге шығын келді. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі

Комитет цифрлық және әріптік мәні бірдей нөмірлер үшін баж 174 000 теңгеден 872 900 теңгеге дейін баратынын атап өтті.

Бұл фактілер міндетті төлемдерді іс жүзінде төлемей, қызмет алудың жүйелі тәсілін көрсетеді, бұл бюджетке елеулі шығын келтіреді.

Қазіргі уақытта әкімшілік полиция жоғарыда көрсетілген қызметтерді стандартты емес жолмен алған тұлғалардан түспеген алым мен баж сомаларын өндіріп алу бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр.ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі

Ведомство тексеру материалдары кінәлі адамдар тобын анықтап, тиісті шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жіберілгенін мәлімдеді.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: