Жапония Қытай зымырандарына наразылық білдіріп жатыр

Сурет: pixabay
Қытайдың Тайвань бұғазын қоршай бастаған әскери жаттығу көрші елдерді алаңдата бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әсіресе Жапония наразылық білдіріп жатыр. Себебі Қытай ұшырған баллистикалық зымырандардың бесеуі Жапонияның ерекше экономикалық аймағына түскен.

Яғни оқтұмсықтар елдің аумақтық теңіздерінен 200 теңіз миль шамасында құлаған, деп жазады qazaqstan.tv.

Жапония қорғаныс министрі «мұндай өрескел әрекет Қытай тарапынан бірінші рет болып тұр»-дейді. Себебі дәл осы күні АҚШ-тың өкілдер палатасының спикері күн шығыс еліне ресми сапарымен келген.

Қытайдың жексенбіге дейін созылатын әскери жаттығулары АҚШ-тың ең лауазымды үшінші тұлғасы Нэнси Пелоси аралдан кетісімен, бір сағаттан соң басталған еді.

Қытай әскері Тайваньды шеңберге ала, алты жерде әскери қимылдарға кіріскен. Қазірдің өзінде бұғаз маңындағы суларға бірнеше зымыран атылғанын растады. 100-ден астам жойғыш және бомбалаушы ұшақтар мен 10-нан астам әскери кеме тартылған.

Қытай Тайваньға қарай шамамен 11 баллистикалық зымыран ұшырды, Біз бейбітшілікті сақтау мақсатына қайшы келетін әрекеттерді айыптаймыз. Қытай Конгресс спикерінің сапарын сылтау етіп, бұғаз айналасында белсенді әскери арандатушылыққа көшті. Джон Кирби, Ұлттық қауіпсіздік өкілі
Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме