Қарағандылықтар кәсіпкерлікті дамытуға қала әкімінің гранттарын алды

Бүгін 11 тамызда өз ісін ашуға және дамытуға 10 қарағандылық Қарағанды қаласы әкімінің грантына ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Гранттарды тапсыру рәсімін қала әкімі Ермағанбет Бөлекпаев өткізді.

Гранттық жобаның негізгі мақсаты-өз бизнес-жобасын жүзеге асыруды және өз ісін ашуды армандайтын жас кәсіпкерлерді анықтау және қолдау.

Сурет: Қарағанды ​​қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі

Байқау Қарағанды қаласында алғаш рет өткізіліп отыр. Конкурсқа қатысушылардан барлығы 110 өтінім келіп түсті. Бір бизнес-жобаға грант сомасы 1 500 000 теңге көлемінде анықталды. Комиссия құрамына бизнес-құрылымдар, банк саласының өкілдері, депутаттар, қоғам өкілдері мен мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.

Жас кәсіпкерлер бұл қаражатты өндіріс, спорт, өнер, робототехника, металл-керамика бұйымдары, цифрлық технологиялар, нан-тоқаш өнімдерін дамыту, ұлттық қолөнер өндірісін және т.б. дамытуға жоспарлауда.

Сурет: Қарағанды ​​қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі

Сондай-ақ, Қарағанды қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы, ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлер, сондай-ақ жеке әлеуметтік санаттарға жататын адамдарға арналған 400 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде мемлекеттік грантын іске асырады.

Қазіргі уақытта жаңа бизнесті бастау және дамыту үшін қайтарымсыз негізде берілетін осы бастапқы капитал Қарағанды қаласының 50 жас азаматына берілді.

Сурет: Қарағанды ​​қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі

Сондай-ақ, халықты жұмысқа орналастыруға ықпал ету мақсатында,"Әлеуметтік жұмыс орны", "Қоғамдық жұмыстар", "Күміс жас", "Ұрпақтар келісімшарты", "Жастар практикасы", "Бірінші жұмыс орны", "Мемлекеттік грант", "Кәсіптік оқыту" бағыттары бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба белсенді және нәтижелі іске асырылуда

Жолдамалардың бірі бойынша жұмысқа орналасқыңыз келсе, Бұқар Жырау даңғылы, 51/4, 1 қабат мекенжайы бойынша,сондай-ақ 996-393, 996-394, Whatsapp 8-775-644-35-80 нөмірлері бойынша хабарласуыңызға болады.

Барлық гранттар мен мемлекеттік бағдарламаларды іске асырылуы Қарағанды қаласы әкімдігінің бақылауында.

Сурет: Қарағанды ​​қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі

Жастар бизнесі жаңа жұмыс орындарын ұйымдастыруда және жұмыссыздық деңгейін төмендетуде үлкен рөл атқарады.

Болашақ кәсіпкерлерге табыс пен өркендеу тілейміз!

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: