Нұр-Сұлтан полицейлері дәріханалық нашақорлықтың жолын кесті

Сурет: pixabay
Жосықсыз фармацевттер өз пайдасы үшін есірткіге тәуелді адамдар мен жасөспірімдерге қатты әсер ететін медициналық препараттарды рецептсіз сатуды жалғастыруда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, елордалық Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жангелдин және Сығанақ көшелерінің бойындағы дәріханаларда жедел алдын алу іс-шараларын жүргізген кезде ЖК-ның біріне тиесілі “дәрілік препаратты дәрігердің рецептісіз босату” фактілері қайта құжатталған.

ЖК иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК 426-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот қаулысымен дәріханалардың қызметін 6 ай мерзімге тоқтата тұру түріндегі жаза тағайындалды. Осыған ұқсас факті Молдағұлова көшесіндегі дәріханада анықталды, онда сот шешімі бойынша 199 095 теңге сомасында айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Жыл басынан бері полиция қызметкерлері “Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті” ММ-мен бірлесіп ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы (Фармацевтикалық қызмет және дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар айналысы саласының қағидаларын бұзу) бойынша 7 фактіні анықтады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды