ШҚО жедел уәкілдері іздеуде жүрген азаматты Ресейде ұстады

2019 жылдың маусым айында Риддер қаласы ПБ қызметкерлері зираттардың темір қоршауларын ұрлап, ал қылмыстық жолмен алынған заттарды металл қабылдау пункттеріне тапсырумен айналысқан 34 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот аталған азаматты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша соттап, бірақ жазаны қоғамнан оқшаулаусыз өтеуге мүмкіндік беріп, сот үкімімен оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Алайда сотталған өзіне жүктелген міндеттерді бұза бастаған, Риддер қаласы пробация қызметінің бақылауынан жасырынған.

Одан кейін 2020 жылы пробация қызметінің қызметкерлері іздестіру жариялау үшін сотқа құжаттар жолдап, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ШҚО ПД криминалдық полиция қызметкерлері ер адамның РФ-да жасырынған жерін анықтады. Қазіргі уақытта экстрадициялау мәселесі шешілуде.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: