Синоптиктер 25 тамызда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Синоптиктер 25 тамызға Қазақстанның ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тек республиканың оңтүстік-шығысында, шығысында, солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Республикада кей жерлерде жел күшейеді, шығыста түнде және таңертең тұман күтіледі. «Қазгидромет» РМК

Қызылорда, Түркістанның басым бөлігінде, Батыс Қазақстанның оңтүстік-батысында, батыста, Атыраудың шығысында, Абай облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Атыраудың басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстік-батысында қатты ыстық күтіледі. «Қазгидромет» РМК

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстіктен жел соғады түнде 2-7, күндіз 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +23+25°С.

Алматыда көшпелі бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады, солтүстік-шығыстан 3-8 жел соғады, екпіні 13 м/с. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +24+26°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +14+16°С, күндіз +30+32°С.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды