Мереке күндері Халыққа қызмет көрсету орталықтары қалай жұмыс істейді

Сурет: Zakon.kz
28, 29 және 30 тамызда Конституция күнін мерекелеуге байланысты Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мәлім етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалалардағы Халыққа қызмет көрсету орталықтары 29 тамызда сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

"Қазпошта" АҚ тарапынан жоспарланған техникалық жұмыстарға байланысты 29 тамызда кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтарында кассалар арқылы мемлекеттік баж салығын төлеу мүмкін болмайды. Мемлекеттік қызметтерді банктік қосымшалар мен QR коды арқылы төлеуге болады."Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы

27 тамыз, сенбі жұмыс күні болады. ХҚКО және мамандандырылған ХҚКО клиенттерді, әдеттегі кесте бойынша қабылдайды. 31 тамызда да ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО жұмыс істей береді.

Еске сала кетейік, ХҚКО, әдеттегідей, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші ХҚКО дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбіде 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті