Жас жігіттің ерлігі көпшілікті тәнті етті. Оған Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев демеушілік қаржыға сатып алынған пәтердің кілтін табыс етті.
Арман батырымызға және оның ата-анасына барша облыс тұрғындарының атынан алғыс айтамын. Мемлекет басшысы өз сөзінде азаматтардың ерлік істерін бағаламай қалмау керек екенін бірнеше рет айтты. Өңірде қамқор азаматтар жетерлік. Бүгін олардың атынан бейбіт уақытта ерлік жасаған батырға жеке баспанамыздың кілтін табыстап жатырмыз.Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев
Арман Аманжолов 2007 жылы Арал ауданы, Бөген ауылында дүниеге келген. Отбасында бес бала: екі аға және екі әпкесі бар. Әкесі Жаңалық жұмыссыз, анасы Майра мектеп асханасында жұмыс істейді.