Бас прокуратура қаңтар оқиғасына қатысушылардың рақымшылық тізімін дайындап жатыр

Сурет: Zakon.kz
ҚР Бас прокуратурасы Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында жария еткен рақымшылыққа ілінетін қаңтар оқиғасына қатысушылардың тізімін дайындап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер бас прокурордың орынбасары Әсет Чиндалиевтен рақымшылыққа ілінгендердің саны туралы сұрады.

Санды әзірше айта алмаймын, өйткені қазір пысықтаймыз. Сізге сонда қарау керек болады. Өздеріңіз білесіздер, Президент тапсырма берді. Экстремистік қылмыс жасағандарға, ұйымдастырушыларға рақымшылық жасалмайды. Қазір білесіздер, 1000-нан астам іс тергелді, 1000-ға жуық адам сотталған. Осы статистикадан қарау керек болады. Қанша адам болатынын айтуға дайын емеспін. Әсет Чиндалиев

Бас прокурордың орынбасары барлық сандар кейінірек жарияланатынын атап өтті.

Тергеу сатысында біз гуманизмді көрсеттік деп айта аламын, президент басынан-ақ айтты, есіңізде болса, қаңтар оқиғасынан кейін бас бостандығынан айырылып қалмас үшін ұсақ қылмыс жасағандарға адамгершілік жасалады деп. Айтайын дегенім, бізде 983 адам, менің ойымша, сотталған, оның 100-ден астамы нақты мерзімге, қалғанына шектеу немесе шартты түрде жаза беріледі. Әсет Чиндалиев

Ол қайтыс болғандар үшін бұл көрсеткіш өзгеріссіз – 238 екенін айтты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды