Экологтар Қостанай облысындағы өрт ошақтарындағы ауаның сапасын тексерді

Сурет: Қазақстан Республикасы Экология министрлігінің баспасөз қызметі
Қостанай облысының Әулиекөл ауданында болған өртке байланысты 4 қыркүйекте экологтар жоспардан тыс кешенді ауаны зерттеу жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жұмыс бес ауылда жүргізілді: Новонеженка, Аманқарағай, Әулиекөл, Бағаналы және Лесное. Бұл пункттерде азот диоксиді, көміртегі тотығы және күкірт диоксиді деңгейінің жоғарылауы тіркелді. Қазақстан Республикасы Экология министрлігінің баспасөз қызметі

Ведомствоның мәліметінше, түтіннің кесірінен ауылдарда көріну нашар болған.

Қазіргі уақытта Лесное және Бағаналы ауылдарының аумағында өртті сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Келтірілген шығын көлемін өрт толық жойылғаннан кейін арнайы құрылған комиссия анықтайды. Өрт аумағы 43 мың гектарды құрады. Қазақстан Республикасы Экология министрлігінің баспасөз қызметі

2 қыркүйекте Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртенді. Өңірдегі өрт төртінші күн қатарынан сөндіріліп жатыр.

4 қыркүйекте өрт аумағы 43 мың гектардан асты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Кітап оқымаса, не болады? Журналист маңызды бір жайтты түсіндірді

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Сәрсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды