8 қыркүйекте Қазақстанда жаңбыр, найзағай, тұман күтіледі

Сурет: pixabay
Қазақстандық синоптиктер 2022 жылдың 8 қыркүйегіне арналған ауа райы болжамын ұсынды - елімізде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, тұман түседі деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қазақстанның оңтүстігінде, батысында, шығысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, республиканың қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Республиканың басым бөлігінде жел күшейеді, оңтүстікте көктайғақ, түнде және таңертең солтүстік және солтүстік-батыста тұман күтіледі, делінген хабарламада.

Болжам бойынша Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Ұлытауда, Абайдың оңтүстігі мен шығысында, Қарағандының батысында, оңтүстігінде, шығысында, оңтүстік, шығыста төтенше өрт қаупі сақталады. Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының оңтүстігінде, жоғары өрт қаупі - Қостанай облысының оңтүстігінде.

Түнде Ақмоланың солтүстік-батысында, солтүстікте, Қостанайдың батысында, Ақтөбе облыстарының солтүстігінде топырақ бетінде 1-2 градус аяз күтіледі. «Қазгидромет» РМК

Белгілі болғандай, күндіз Жетісу мен Алматы облыстарының басым бөлігінде қатты аптап ыстық сақталады.

Сондай-ақ синоптиктер елорда мен республикалық маңызы бар екі қалада ауа райы қандай болатынын айтты:

Нұр-Сұлтанда – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 16-18 жылы;

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 31-33 жылы;

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде 19-21, күндіз 29-31 жылы.

Бұған дейін синоптиктер 2022 жылдың 8-10 қыркүйегіне Қазақстан бойынша ауа райы болжамын ұсынған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді