Канадада жаппай кісі өлтірді деген күдікті қамауға алынды

Сурет: pixabay
Ер адам Саскачеван провинциясындағы Ростерн қаласының маңында ұсталды. Ол пышақпен 10 адамды өлтіріп, 18 адамды жарақаттады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Zakon.kz.

7 қыркүйекте канадалық полиция бірнеше кісі өлтіруге қатысы бар жалғыз күдіктіні ұстады. Канаданың орталық бөлігіндегі Саскачеван провинциясындағы Ростерн қаласының маңында 30-дар шамасындағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды Deutsche Welle.

Тергеушілердің айтуынша, ол ағасымен бірге Джеймс Смит Кри Бірінші Ұлт пен Уэлдон ауылын қоса алғанда, 13 түрлі жерде қылмыс жасаған.

Барлығы 10 адам қаза тауып, 18 жергілікті тұрғын пышақ жарақатынан зардап шекті.

Күдіктінің ағасының мәйіті 5 қыркүйекте табылды, оның денесінде жарақат белгілері бар, полиция оның өзіне қол салуы мүмкін емес деп санайды.

Полиция ұсталған азаматты 20 жылдан астам біледі. Кәмелетке толған соң ұрлық пен зорлық-зомбылықты қоса алғанда, 59 құқық бұзушылық жасаған.

Жасөспірім кезінен ішімдік пен есірткіге байланысты қиындықтарға тап болды. 14 жасында кокаин қабылдай бастады.

4 қыркүйекте пышақпен қаруланған қылмыскерлер он адамды өлтірді. Канаданың премьер-министрі Джастин Трюдо шабуылдарды айыптап, тұрғындарды жергілікті билік жаңалықтарынан хабардар болуға шақырды.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты