Алматыда от қойған адам өрт сөндіруші болып шықты

Сурет: Zakon.kz
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі әлеуметтік желіде тараған "Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстанды өртеп жіберді, Алматыда өрт қойған адамның жеке басы анықталды" деген тақырыппен тараған видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

7 қыркүйекте YouTube желісінде жарияланған видеода өрт қойғандардың бірі өрт сөндіруші Жанат Өтеулиев екені айтылған.

Видеода көрсетілген азамат шынымен де Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ No5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкері – азаматтық қорғау аға өрт сөндіру сержанты Өтеулиев Жанат Ерғалиұлы. Ол 1983 жылы туған, азаматтық қорғау органдарында 2008 жылдан бері қызмет атқарады. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Өтеулиев Ж.Е. Алматы облысы Жамбыл аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерімен ұсталып, ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының 1-бөлігі және 440-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тексеру іс-шаралары барысында Утеулиев Ж.Е. қатты масаң күйде болғандықтан, қураған ағашты өртеумен байланысты әрекетін түсіндіре алмады.

Қазір қызметтік тергеу жүріп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты